Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40 шамасында Абай даңғылының бойында болған.

«ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Қазір бұл деректі аумақтық жағынан Алмалы ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Видеодан алынған кадр