Алматыда интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру мәселелері талқыланды

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының халықаралық имиджі қалыптасу контексінде интеллектуалдық ұлт қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті,

Алматыда интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәстүрлі X. Мұстафин саяси оқулары аясында өткен шараны ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасы ұйымдастырды. Конференция барысында «Интеллектуалдық ұлт қалыптасуының теориялық-методологиялық аспектілері», «Қазақстан Республикасының білім беру процесіндегі инновациялық қызметінің үрдістері», «Адам ресурсы мен интеллектуалдық капитал Қазақстанның имидждік дамуының маңызды факторы ретінде», «Интеллектуалдық ұлт қалыптасуының теориялық-методологиялық аспектілері», «Интеллектуалдық ұлт- 2020» жобасы аясында Қазақстанның мемлекеттік-инновациялық саясаты» тақырыптары талқыланды. Шараға өз баяндамаларымен Қазақстан, Корея, АҚШ пен Ресейдің сарапшы ғалымдары қатысты. ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының меңгерушісі Ләйлә Иватованың айтуынша елімізде интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудың алғышарттары болғанымен, оны жүзеге асыратын нақты механизмдері жоқ. «Интеллектуалдық ұлт қалыптастыру үшін не істеу керек деген мселе бүгінгі конференцияның басты тақырыбы болады» дейді Ләйлә Иватова. Оның айтуынша, интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру білім беру үрдісін жетілдіруден басталуы тиіс. «Бұл бағытта білім саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. 3 сатылы білім жүйесі мен Болон үрдісі осы интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру жолындағы басты қадамдардың бірі» дейді саясаттану ғылымдарының докторы.