Алматыда интернет аумағын реттеу мен тәуелсіз БАҚ туралы мәжіліс өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өтіп жатқан IХ Еуразиялық медиа форумның 4-ші мәжілісі «Интернет аумағын реттеу және тәуелсіз БАҚ: үрей мен шындық» деген тақырыпқа арналды,

Алматыда интернет аумағын реттеу мен тәуелсіз БАҚ туралы мәжіліс өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған Си-Эн-эн телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Монита Раджпал модераторлық жасауда. Пікірсайысшылар - ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович пен бұрынғы өкілі Миклош Харашти (Австрия), қазақстандық «2b.kz» интернет-порталының бас редакторы Татьяна Бендзь, Боккони университетінің профессоры Карло Маффе (Италия), Ыстамбұл Билге университетінің профессоры Яман Ақдениз (Түркия), Лондон университеті ғалымы Макрам Кхури-Макуул, Литва республикасы Президентінің бас кеңесшісі Аудроне Нугарейте. Онда - интернеттегі шектен шығудан жекелеген адамдар мен қоғамды қорғауда мемлекеттің рөлі қандай? Интернет бақылау мен тосқауылдан еркін болуы керек пе? Реттеу арқылы сөз бостандығы мен жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бола ма? Интернетте реттеу қандай жағдайда адамдардың құқын бұзады және оны кімдер анықтайды? АҚШ Мемлекеттік хатшысы атап өткен елдер интернет пайдаланушылардың негізгі құқын бұзып, алдағы ғасырда артта қалу» тәуекеліне ұрына ма, деген мәселелер сөз болуда.