Алматыда Инвесторлар мен кредиторлар клубының 6-отырысы өтіп жатыр

; АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық агенттіктің Қазақстанның кредиттік рейтингін көтеруі нарықтағы үлкен белгі.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Инвесторлар мен кредиторлар клубының 6-отырысында айтылды.

"Бұл ең алдымен Үкіметтің жеңісі. Енді банктер мен ұлттық компаниялардың да рейтингінің көтерілуі күтілуде. Инвестициялық қызметті жандандыру қажет. Клубың өзектілігі және инвесторлар мен кредиторлар арасындағы сұхбаттың маңызы кеміген жоқ, қайта одан ары артуда", - дейді клубтың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Исқалиев. Бұл басқосуға клуб мүшелері мен бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Мәжіліс жұмысы - "Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік", "Жобаларды құрылымдаудың мәселелері. Қосылу мен сіңу келісімдері", "Қаржы құралдары. Мемлекеттік-жеке әріптестік", "Энергетика. Салалық талдау. Инвестициялық жобалар", "Аймақтар талдауы", "Ұйымдастыру жұмыстары" тәрізді секциялар бойынша жүрмек.

Соңғы жаңалықтар