Алматыда инженерлік коммуникацияларды қолдану мен оның жағдайын бақылауға арналған біріңғай электрондық ақпараттық желі құрылады

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жақында Алматыда қала әкімдігінде инженерлік желілер жөнінде өткен кеңесте қала басшысы міндетін атқарушы Ахметжан Есімов инженерлік желілердің бірыңғай ақпараттық желісін қалыптастыруды, кезекші электронды жоспар арқылы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын.

Алматыда инженерлік коммуникацияларды қолдану мен оның жағдайын бақылауға арналған біріңғай электрондық ақпараттық желі құрылады

Тапсырмаға орай, қаланың инженерлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, тұрақты және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желінің кезекшілік жоспарын қайта қалыптастыру әрі бірыңғай кадастрлы электронды базасын жасау туралы шешім қабылданды. Қаланың инженерлік желісінің кезекшілік жоспарын жасау ісі 2011 жылдың аяғында толық қалыптасатын болады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, кеңесте негізгі магистральдарға қатысты жұмыстарды барынша сапалы жүргізу, жасалған инженерлік желілерді топырақ астында ретсіз қалдырмауды қатаң бақылауға алу қажеттігі де атап көрсетілді.