Алматыда инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда 12 шақырым жылу желілерін жөндеу, қолданыстағы газ құбырларының кеңейту және 120 мыңнан астам тұрғынға  арналған жаңа су құбырларын өткізу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланың инженерлік коммуникацияларын жаңарту қарқынын тексерген.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, жаяу жол бөлігіндегі инженерлік желілердің қайта өңделуі айдың аяғында аяқталмақ. Автокөліктердің барлық учаскелерде кедергісіз жүруі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қайта өңдеу кезінде қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз еткен уақытша кестелерді бұзу және аумақты көріктендіру бойынша жұмыс жалғасады.

«Биыл Төле би (Варламов - Өтеген батыр - Отарская және Розыбакиев - Тлендиев көш.), Бөгенбай батыр (Мұқанов - Айтиев көш.), Жамбыл (Пушкин - Назарбаев), Қазыбек би (Уалиханов - Абдуллин көш.), Қарасай батыр (Наурызбай батыр - Чайковский көш.), Чайковский (Қарасай батыр - Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы - Орталық стадион) көшелерінде инженерлік желілер жаңартылды»,-деді әкімдік баспасөз қызметінен.

Соңғы жылдары Алматы қаласында 800 шақырым инженерлік желілер салынып, қайта өңделді. Оның ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз жүйесі, 15 шақырым электр құбырлары және 32,3 шақырым жылу құбырлары бар. 

Ұзындығы 500-дей шақырымды құрайтын 524 көше және жаяу жүргіншілерге арналған ұзындығы 100 шақырымды құрайтын жаяужол жөнделді. Алматының 3 787 ауласынан 1 400-дей аула жаңартылып, қайта жөнделді. Барлық жерасты өткелдердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

«Сонымен қатар, шаһардың тарихи орталығын қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Былтыр Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсеитова көшелері және «Астана» алаңы жаңартылса, биыл Абай даңғылы, Абылайхан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан көшелері, «Алматы-2» бекетінің аумағы және Республика Сарайының алдындағы алаң жөнделуде»,-деп мәлімдеді Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен.

null