13:00, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда «iProf'11» кәсіби интернет-конференциясы болады
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 16 қарашада Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтында «iProf'11» кәсіби интернет-конференциясы болады. Бұл шараның басты мақсаты - тыңдаушыларға білім беріп, оны істе сынауды үйрету.
Конференция жұмысы «Интернет-маркетинг» және «Қазнеттегі стартаптар» деген тақырыптағы сессиялар бойынша жүрмек. Алғашқы сессияда интернет саласындағы қас шеберлердің контенттік жарнама, smm, желідегі вирустық маркетинг, видео, мобильді маркетинг сияқты интернет-маркетинг құралдарын қолданудағы өз әдістерімен бөліседі. Ал екінші сессияда «Қазнеттегі стартаптар» сияқты тұғырнама аясында Қазақстандағы ең қызықты стартаптар мен осы саладағы сарапшылар бір алаңда бас қосады. Онда стартаптар, инвесторлар мен сарапшылар бірлескен жобалар жасау процесінде өздеріне қойылатын ең өзекті сауалдар бойынша шеберлік дәрістерін жүргізеді.