Алматыда ірі автокөлік апаты салдарынан үш адам мерт болып, алты адам жарақаттанды - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында ірі автокөлік апаты салдарынан үш адам өлім құшып, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді,

Алматыда ірі автокөлік апаты салдарынан үш адам мерт болып, алты адам жарақаттанды - ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні Ұйғыр ауданында Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 238-ші шақырымында болды. «Ауди» үлгісіндегі екі автокөліктің соқтығысуынан екі жүргізуші мен жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмса, тағы алты жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.