Алматыда ірі көлемде есірткі тәркіленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыскерді қалалық ішкі істер қызметкерлері Түркісіб ауданындағы 13-ші әскери қалашық маңында қолға түсірген.
«Бізге Алматыға Шу аймағынан әкелінген есірткінің саудаға түсіп жатқандығы жөнінде сенімді көзден жедел ақпарат келіп түсті. Қылмыскер ішіне марихуана толтырылған екі қытай сөмкесін ұстап адамы аз көшемен сатып алушыға барған. Қолға түсіру барысында күдікті салқынқандылық танытты, сұрақтарға сенімді, анық жауап берді. Бірақ, тексеруді шатастыру үшін шынайылық таныта қоймады», дейді Алматы қалалық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Денис Лоскутов. Оның айтуынша, қазірдің өзінде сатушылар мен жеткізушілердің және сатып алушының есімдері белгілі болып отыр. Әлі де бірқатар жедел іздестіру шараларынан кейін олар да тұтқындалмақ.
Тәркіленген есірткі химиялық сараптама орталығына жіберілді. Ал заң бұзушылыққа тұңғыш рет жол беріп отырған қылмыскер уақытша ұстау орынына қамалды.
Жыл басынан бері Алматы полицейлері 496 есірткі қылмысын әшкерелеген. Нәтижесінде 220 келі есірткі тәркіленсе, оның ішінде 10 кг героин, 167 кг марихуана және 12 кг гашиш пен басқа да есірткі заттары бар.