Алматыда ірі көлемде героин алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Алматы Халықаралық әуежайының» ұшып келу залындағы «Жетісу» кеден бекетінде кеден қызметкерлерінің тексеруі барысында есірткі затын алып өтпек болған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.

Алматыда ірі көлемде героин алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Қалымғазин мәлім етті.

«Медициналық тексеру кезінде, ұсталғанның тура ішегінде ампулада ашық түсті ұнтақ заттары бар төрт полиэтилен пакеті табылып, алынды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, алынған зат есірткілік зат - героин болып шықты. Оның жалпы салмағы 95,34 грамды құрайды. Қазіргі уақытта К есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 259 бабының 3 бөлімінің «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді Е.Қалымғазин.

Оның айтуынша, қылмыскер 30 тамыз күні ұсталған.