Алматыда ірі көлемде героин тәркіленді

АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда ірі көлемдегі героин тәркіленді, бұл жайында Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Арнайы операция кешке кешкі сағат 8-дер шамасында жүргізілген. Есірткі сатушы Бостандық ауданындағы үйлердің бір бөлмелі пәтерінде қолға түскен."Біз оны үш рет есірткі саудалап жатқандығын бейнетаспаға түсіріп алдық. Бақылау ретінде өткізілген сатып алудың нәтижесінде қылмыстық іске жеткізілді. Бұл жолы ол қылмыс үстінде ұсталды. Оны тексеру барысында сатылымға дайындап қойған бірнеше орамдағы героин табылды. 1,5 келі героинді ол төсек қаптамасына тығып қойған, әрі оны 15 мың долларға сатпақшы болған", -дейді Алматы қаласы ІІД есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының бастығы, майор Денис Лоскутов.

Күдікті өз кінәсін мойындай келе, өзінің де есірткіге тәуелді екендігін жеткізген.Тәркіленген есірткі өте ірі көлемді деп танылуда, сондықтан қылмыстық іс ҚР ҚК-ның 259 бабының 4-ші тармағы бойынша қозғалды. Тәртіп сақшылары есірткінің Алматыға жеткізілу арнасын анықтауға кірісіп кетті. Аталған оқиға бойынша есірткі елдің оңтүстік аймағынан жеткізілді деген пайымдаулар жасалуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум