Алматыда ірі көлемдегі героинмен Қырғызстан азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бішкектің 31-жасар тұрғынының алматылық есірткі бизнесімен күресушілердің назарына іліккеніне көп уақыт болмаған. Тергеушілер Руслан Алматыға героин жеткізудегі негізгі арна екендігі жайында жедел ақпар алған.

Алматыда ірі көлемдегі героинмен Қырғызстан азаматы ұсталды

"Жақын күндері бұл азамат қаладағы "Сайран" халықаралық автобекетінде құрықталды. Ұсталу кезінде ол тыйым салынған заттарды сақтағандығын теріске шығарып бақты. Алайда тінту кезінде оның күртешесінің сол жақ қалтасынан героин ұнтақтары табылды",-дейді қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Денис Лоскутов.

Табылған орамада 194 грамм героин болған. Мұндай қорытындыны арнайы сот-химиялық сараптама мамандары берген.

Сондай-ақ ұсталушының өзі жеті жылдан бері есірткі заттарын пайдаланып келген.