Алматыда ірі магистраль бойындағы жылу құбыры жарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Сейфуллин-Райымбек көшелерінің қиылысындағы жылу құбырының жарылып, сол маңайдағы жолдар жабылды.
Бұл туралы біздің агенттік тілшісіне куәгерлер хабарлады.
Оқиға орнында апаттық бригада жұмыс жасауда. Келеңсіз жағдайдың орын алуына, ресми емес мәліметтерге қарағанда, жылу жолдарындағы құбырдың тозуы себеп болған.
Төтенше жағдайдың салдарынан 4 адам күйіп қалған. Біреуі ауыр халде. Ол ыстық суы бар үңгірге түсіп кеткен. Сондай-ақ, осы жерде бір жолаушылар автобусы тоқтап қалған. Кейін оны қауіпсіз жерге тартып шығарған.