Алматыда ірі тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде сәулет нормалары бұзылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ​Алматы қаласының Бостандық ауданында ірі тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде сәулет нормалары бұзылды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қаласының прокуратурасы Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі 26/4 мекен жайында орналасқан ірі тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде сәулет нормаларының бұзылғанын анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, қадағалау органы эскиздік жобада халық пен құрылыс салу тығыздығының рұқсат етілген параметрлері бойынша нормалардан асқанын, әлеуметтік объектілер мен білім беру объектілеріне жүктеменің туындауы мүмкін екендігіне тиісті баға берілмегенін, бұл балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің тапшылығына алып келетінін анықтады.

«Биылғы ​18 тамыз күні Бостандық ауданы прокуратурасының эскиздік жобаны келісу бойынша уәкілетті органның іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызы сот шешімімен толық көлемде қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта аталған учаскеде бұзушылықтар толық жойылғанға дейін алдын ала құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады прокуратурада.

Айта кетейік, жоғарыда аталған аумақта құрылыс салушы «Bi-RealtyAlmaty» ЖШС болып табылады.


Соңғы жаңалықтар