18:14, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
Алматыда ірі жол апатынан жапа шеккендер саны 23 адамға жетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік пен «Гелендваген» көлігінің соқтығысуынан жапа шеккендер саны 23 адамға жетті, оның біреуі сәби, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 23 жапа шеккендердің 7-еуі ауруханаға жатқызылған.
«7 ересек адам, 1 бала ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы әртүрлі, жарақаттары ауыр. Екі ересек адам мен бір бала жансақтау бөлімінде. Барлығы 23 адам зардап шекті. Қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілді», - деді Денсаулық сақтау басқармасының БАҚ-пен жұмыс бөлімінің басшысы Лейла Иманғалиева.
Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды. Бұған дейінгі ақпараттарда 17 адамның жапа шеккені туралы айтылған.