17:21, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда ислами клиника ашылды
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Алматы қаласында тұңғыш рет шариғат талаптарына сай емдейтін клиника ашылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтынада хабарланды.
«Al Med» клиникасының іске қосылуына «Такафул» халал сақтандыру қоры мұрындық болды. Емдеу орталығының басқалардан ерекшелігі - сырқаттарға мүмкіндігінше шариғат талаптарына сай көмек көрсетеді. Онда намазхана бөлмесі бар, емделушілер мен қызметкерлерге құлшылықтарын орындауға толық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, бала емізу үшін арнайы орын да қарастырылған.
«Клиникада әйелдер мен ерлерді де бөлек емдеу жағы ойластырылып, құрамында спирт не шошқа өнімдері бар дәрілер қолданылмайды. Сырқаттарға 20-дан астам кәсіби маман қызмет көрсетеді», - делінген таратылған хабарламада.