Алматыда ІТ квартал ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында ақпараттық технологияларды дамытуға арналған IT Квартал ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ауданы 17 000 шаршы метр болатын алаң «Ақпараттық технологиялар паркі» базасында орналасқан.

Жылдың соңына дейін 10 ІТ компания мен 15 стартап жоба орталықтың резиденті болып үлгереді.

2018 жылы бұл жобалардың санын екі есеге жеткізу жоспарда бар.
null

«ІТ квартал қалада аталған бағыттағы компаниялардың бір жерге шоғырлануына мүмкіндік жасайды. Бұл алаң жасампаздарға, инноватор адамдарға арналған. Кезең кезеңімен индустрия 4.0, машина жасау мен жаңа материалдар бағыттары бойынша уәкілетті орталықтар ашатын боламыз. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ базасында геологиялық кластер салу ойда бар. Бұған ірі кен өндірісі магнаттарынан инвестиция тарту көзделген», - деді Almaty Tech Garden директоры Санжар Кеттебеков.

Алаңда орналасқан стартаптар IBM, ARM, Autodesk, 1С тағы басқа арнайы алаңдардың ақпараттық технологияларын пайдаланатын болады.
null

Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар базасында орналасқандықтан стартаптар жер, мүлік, әлеуметтік салықтардан босатылады.

Орталықты Almaty Tech Garden автономды кластері Қазақстан Үкіметінің ақпараттық коммуникациялық технология саласын дамыту мен Қазақстанның цифрлі трансформациясы аясында ашты.
null

Бірақ жобаларды қаржыландыруға жеке инвесторлар тартылған.

Соңғы жаңалықтар