Алматыда итті қай жерде қыдыртуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар саябаққа ит ертіп кіруге тыйым салынған белгілерге шағымдана бастады. Әкімдік қоғамдық орында үй жануарларымен қайда және қалай жүру керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлім еткендей, бүгінде қалада «Ит пен мысықты ұстау және серуендеу ережелері» бар. Аталған ереже 2018 жылдың 17 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясында қабылданған.

Ережеге сәйкес қала аумағында мыналарға жол берілмейді:

1) иттермен қоғамдық орындарға баруға болмайды;

2) ойын және спорт алаңдарында, балабақша, мектеп аумағында, емдеу мекемелерінде, тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде иттермен серуендеуге тыйым салынған;

3) иттерді жағажайларға апаруға, қоғамдық шомылу орындарында жануарларды шомылдыруға болмайды;

4) жануарды терезелері тығыз жабылған көлік ішінде қараусыз қалдыруға рұқсат жоқ;

Алматыда ит қыдыртатын 8 орын белгіленген:

Әуезов ауданында: №8,10 шағын ауданы, Райымбек 481Б

Бостандық ауданында: «Южный» саябағы

Алмалы ауданында: М. Ганди атындағы саябақ

Жетісу ауданында: «Айнабұлақ-1» ықшамауданы

Түрксіб ауданында: Бауман тоғайы.

Сонымен қатар, тұрғындар қаланың орталық саябағында тыйым салу белгілері бар тақтаға шағымдануда.

Өз кезегінде әкімдік бұны саябақтағы көптеген ойын алаңдарына байланысты екнін түсіндірді.

Айта кетейік, кез келген жерде үй жануарларын еркін алып жүруге болмайды. Ережеге бағынбағандар жазаға тартылып, айыппұл төлейді.


Соңғы жаңалықтар