Алматыда IX Халықаралық

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның электр құрал-жабдықтары нарығы қазіргі таңда тұтынушылардың сұранысын толықтай қанағаттандыра алмайды. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Халықаралық "Энергетика және жарықтандыру" көрмесінің ашылу рәсімінде айтылды.

Алматыда IX Халықаралық

"Халықаралық бұл көрме мен оның аясында ұйымдастырылып отырған энергетиктер форумының басты мақсаты әлеуетті инвесторларға энергетикалық сектордың қазіргі жай-күйі мен оны дамытудың келешегі туралы мағлұмат беру. Өйткені Қазақстанда энгергетика саласындағы өндіріліп жатқан бұйымдар мен құрал-жабдықтар қазір нарықта өте аз. Сапасы да кейде халықаралық компаниялардың өнімдерінен нашарлау болып отыр. Бүгінгі шаралар осы олқылықтың орнын толтырып, салаға жаңа серпіліс беруге бағытталуда", -дейді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.

4 қарашаға дейін созылатын дәстүрлі көрмені ұйымдастырған қазақстандық "Итека" көрме компаниясы. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Украина., Словакия, Латвия, Германия және Чехиядан 90-нан астам компания өз өнімдерін ұсынып отыр. Олардың арасында Чехия мен Германия ұлттық стендтерін ұсынуда.