Алматыда қала әкімі «Қайрат» футбол командасының мүшелеріне медальдар тапсырды

trong>Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -   Алматыда қала әкімі «Қайрат» футбол командасының мүшелерімен кездесіп, оларға медальдер тапсырды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов футболшыларды  жеңістерімен құттықтап, оларға келешекте еліміздің даңқын арттыратын атақты спортшылар болуларына тілек білдірді. Сонымен қатар, қала әкімі футболистердің шыншыл күрес ережелерін ұстанып, өз кәсіптерінің ерекшеліктерін ескерулері керек екендігін айтты.

«Сіздер жақсы білесіздер, үстіміздегі жылы біз команда алдындағы өз міндеттемелеріміздің барлығын орындадық. Ал бастысы, жанкүйерлерге қызықты ойын көрсету», деді ол.

 Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футбол командасы 2009 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының біріншілігінде бірінші орынды иеленіп, жоғары дивизионға өтті. Ал премьер-лигаға жолдаманы команда уақытынан бұрын, біріншіліктің аяқталуына 2 тур қалғанда жеңіп алды. Үстіміздегі маусымда «Қайрат» 26 ойын ойнап, олардың 19-ын жеңіспен аяқтады, 3-де жеңіліп, 4 ойынды тең  аяқтады.

 Команданың ең үздік шабуылшылары - Игорь Абдущеев пен Дәурен Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар