Алматыда қала әкімі құрылғанына 1 жыл болған Алатау ауданының тұрғындарына жаңа үйлердің кілтін табыс етті

АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда  қала әкімі Ахметжан Есімов құрылғанына 1 жыл толған Алатау ауданының тұрғындарына жаңа үйлердің  кілтін табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мамыр айының аяғында заңсыз жерде, заңсыз салынған 60 үйді нөсер жаңбырдан кейін су шайып кетті. Сол кезде Елбасы бізге бірден жедел түрде шаралар қолданып, баспанасыз қалған адамдарға  жағдай жасау туралы тапсырма берген. Бүгін ол тапсырма орындалып отыр. Бір  ай ішінде біздің құрылысшылар үй салды, электр желісін жүргізіп, су құбырын тартып, жол жасады. Бұл үйлер мемлекеттің бөлген қаржысына салынып отыр. Оның  сұрауы бар. Сондықтан да олар тегін беріліп отырған жоқ. Дегенмен қолайлы жағдайлармен жалға берілді. Бірден сатып аламын десеңіздер, сатып алуға болады. 7 жылда асықпай төлеп аламын десеңіздер де, жоқ жалға алып тұра беремін десеңіздер де болады. Келешекте бұл үйді кеңітіп жасауға да мүмкіншілік бар. Бұл үйге жасалған жобаларға орай кеңейтуге болады.

 Бүгіннен бастап сіздер нағыз алматылықтар болдыңыздар. Енді тек еңбектеніп, табыс тауып, мына үйді кеңейтіп, бала-шаға өсіріп,  егеменді еліміздің нағыз азаматын өсіру деген ой ғана болуы керек. Ықшамауданға «Саялы» деген ат қойып,  4 көше аштық. Оған Ақсай, Аққайың, Аққайнар, Ақбұлақ деген ат беріп отырмыз», - деді өз сөзінде қала басшысы К. Есімов. Әкім  Ақсай көшесінің тұрғындары - Бауыржан Енбергенов,  Роза Нүсіпбекова, Назира Бертілеуоваға 25 шаршы метрлік үйлерінің кілтін өз қолымен табыс етіп, олардың баспаналарын аралап шықты.

Соңғы жаңалықтар