Алматыда қала ауасының ластану деңгейі төмендеді

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда атмосфераның ластану индексінің деңгейі (ИЗА 5) төмендеді.
None
None

Гидрометеорологиялық сараптама және Қазгидромет орталығының мәліметіне қарағанда, 2011 жылдың қараша айында атмосфераның ластану деңгейі 7,8 бірлікті құраған. Бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,9 бірлікке төмен.

Мамандардың пікірінше, ластанудың төмендеуіне бірқатар кешенді шаралар ықпал еткен. Мәселен, кәсіпорындар мен жеке секторды газдандыру, кәсіпорындар мен автокөлікті қатаң бақылауға алу, жанармай сапасына жіті көңіл аудару және т.б шаралар қала ауасының жақсаруына оң әсерін тигізген.

Ауаның ластану деңгейін бақылау 5 стационарлық орында жүргізілген. Олар қала аудандарының түрлі аймақтарында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар