Алматыда қала көшелерінің біріне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрғанбек Қатаевтың есімі берілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарашаның 30-ы күнгі мәслихаттың ХХІІІ сессиясында қабылданған Бостандық ауданындағы "16-шы линия көшесінің" атын өзгерту туралы №260 шешімін әкімдік желтоқсанның 3-і күнгі №5/783 қаулысымен мақұлдаған болатын. Мәслихат пен әкімдіктіктің бірлескен шешімі желтоқсанның 25-інде қалалық әділет департаментінде тіркеліп, қалалық мерзімді басылымдарда ресми түрде жаряланды. Енді Абай даңғылы мен Бәсенов көшесінің арасындағы 1200 метрлік "16-шы линия" көшесінің аты Тұрғанбек Қатаевтың есімімен аталады. 1974-1983 жылдары республиканың білім министрлігін басқарған Т. Қатаев еліміздің жоғары білім беру саласын дамытуға зор үлес қосқан еді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерін есте қалдыру мақсатында өткен жылы өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйге мемориалдық тақта қойылған болатын. Биыл есімі қала көшелерінің біріне беріліп отыр.