Алматыда Қала күні кеңінен аталып өтілуде

АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда қалыптасқан дәстүр бойынша Қала күні кеңіңнен аталып өтілуде. Ол биыл 15 қыркүйекғке тура келді, дегенмен мерекелік шаралар кеше басталып кетті - Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында оңтүстік астанаға арналған «Алматым жүрегімде» атты қалалық әндер конкурсы өтті.

Алматыда Қала күні кеңінен аталып өтілуде

Бүгінгі және ертеңге бағдарламаларда - «AlmatySkylightShow» мультимедиалық пиротехникалық шоуы, Медеуге баратын жолда демалыс алаңының ашылуы, «Дәмді тағамдар мерекесі», жылсайынғы «AppleFest» алма фестивалі, веложорық және басқа да акциялар көзделген. Мерекелік тамаша шоу орталық стадионда өтетін «Muzzone-2013» Еуразиялық музыкалық сыйлығымен аяқталады.

Сондай-ақ Қала күнін мерекелеу ауқымында Алматыда ІІІ Халықаралық қуыршақ карнавалы, француздық «Mademoiselle K» рок-тобының және Лилль қаласы ұлттық оркестрінің концерттері болады. Бүгін сонымен қатар жылсайынғы ІІ Халықаралық цирк өнері фестивалі басталады.

Мерекелік шаралар өтуіне байланысты бұқаралық-мәдени шаралар өтетін жерлердің қасында қоғамдық көлік қозғалысы қосымша сағат 23-24-ке дейін, метро - түнгі бірге дейін ұзартылды. Қала билігі жеке көлікті тұрақтарға қоюда қиыншылыққа жол бермеу үшін алматылықтарды қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.