Алматыда қала күні отшашумен аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1002 жылдығын атап өткен Алматыда түрлі іс-шаралар көп ұйымдастырылды. Қала күні салтанатты от шашумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда қала күні отшашумен аяқталды

Астана алаңында сағат 22:00 от шашу атылды. Фейерверк шоуы қала тұрғындарын тамсандырды. Ол түрлі пішіндегі отшашу түнгі аспанды түрлі түсті сәулеге толтырды.

Еске сала кетсек, Алматы қала күнін кеңінен атап өтті. Бұл күнді дәстүрге сәйкес «Apple Fest» алмалар фестивалі ашты. Ол алғаш рет шаһардағы бірнеше алаңда - Тұңғыш Президент паркі,  Almaty Arena  алдындағы алаңда, Абай және Астана алаңдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сосын Көктөбеде бір мезетте ұйымдастырылды.
Қала күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті паркінде ең ұзын құрақ көрпе бойынша әлемдік рекорд орнатылды.

Мәдени іс-шаралар легі Almaty Arena-дағы шетелдік эстрада жұлдыздары қатысуымен өткен «B-DAY Party» концертімен аяқталды.