Алматыда қала күніне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесі болып өтті
МАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Өткен демалыс күндері Алматыдағы Астана» алаңында қала күніне орай, «Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесі болып өтті.
Биыл осымен үшінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге екі облыс құны - 300 млн. теңгеден асатын 270 тонна көкөніс, ет және сүт өнімдерін қойды. Ұсынылған өнімдердің бағасы қаладағы бағадан 15-20%-ға төмен болды. Өнімдердің сапасы мен бағасын қала әкімі Ахметжан Есімовтың өзі тексеріп шықты.
Бұнымен қатар, Алматы облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі қаланың барлық жеті ауданында болып өтті. Мұндай жәрмеңкелерді өткізудегі мақсат - қала нарығында азық- түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру болып табылады.
Аталмыш шара биылғы жылдың 12 наурызында Алматы қаласының әкімдігі мен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің «Алматы қаласын жеміс, көкөніс және ет өнімдерімен қамтамасыз ету туралы» Меморандумға сәйкес өткізілді.