Алматыда Қала күнінің құрметіне бұрын-соңды болмаған «Аңыз» мультимедиалық және пиротехникалық шоуы өтеді
АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда алғашқы рет 3D-мэппинг және пиротехниканың үздік технологиялары бүгін кешке «Астана» алаңында өтетін бұрын-соңды болмаған Almaty Skylight Show шоуына біріктірілетін болады. Іс-шара Алматының Қала күніне арналған.
3D-мэппинг технологиясы көлемді кескіндемелерді экранда үлкейтіп көрсетуге және жылжымайтын заттар мен құрылғыларды «жандандыруға» мүмкіндік береді. Жарық арқылы көрсетілетін hi-tech 3D шоуы әлемнің үздік фестивальдерін алматылықтар мен қала қонақтарының есіне салады, оларды көпшілігі Интернеттен көрген болуы мүмкін, бірақ өз көзімен көргендер аз. Ал пиротехниканың әсері мейрамды толығымен сүйемелдейді, бір кеште 3000-нан астам тиісті бұйымдар қолданылатын болады.