Алматыда қала мен ауыл мәдениетінің арасындағы айырмашылықтар талқылауға арналған мәжіліс өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қаңтардың 19-ы күні «Қала мәдениеті мен ауыл мәдениеті арасындағы айырмашылықтар» деген тақырыпта «Тағылым» мәдени-интеллектуалдық клубының кезекті отырысы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда ауыл мен қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік әлемі, ауыл мен қала жастарының психологиясы, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды сақтап қалу жолдары қаралады. Сондай-ақ болашақ ұрпақтың бойына халық педагогикасын сіңіре отырып тәрбиелеу, ауыл мен қала тұратындарының өмір салты және тағы басқа мәселелер талқыланады. Бұл жиынның арнайы қонағы Шығыс ҚазақстаноблысыныңКүршім ауданы әкімдігінің ішкісаясат бөлімінің бастығы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Еркін Нұрахметұлы Жангудеев болмақ.Басқосуға Қазақстан мәдениетінің және ғылымының таңдаулы өкілдері, мәдениеттанушылар және өзге де қазақтың мәдениетінің жанашыр азаматтары қатысады деп жоспарлануда.

Мәдени алшақтықты реттеп бір деңгейге келтіруді көздейтін бұл клуб Мәдени саясат және өнертану институтының жанынан құрылған болатын.

Алғашқы мәжілісі желтоқсанның 22-сі өтті. Онда отандық және әлемдік мәдениеттің өркендеуін тарихи ретроспективті бағытта талқылау, ұлттық мәдениетті еуропалық мәдениетке қасиетті құндылықтарымыз арқылы таныту, жаһандану дәуірінде қазақтың ұлттық бедерін айшықтап көрсетіп бренд қалыптастыру және Қазақстанның мәдени саясатының өркениеттер альянсындағы мәдениаралық диалогтар үрдісіндегі даму бағыттары талқыланған еді. Бұл басқосудың басты мейманы - «Телевидение и радио» Еуразиялық академиясы Президиумының мүшесі, қоғам қайраткері, «Консерватор» журналының бас редакторы Рустам Мұстафаоглы Арифджанов болды.

Соңғы жаңалықтар