Алматыда қала шекараларын кеңейту мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтті
АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы қаласына 11 920 гектар жер аумағы қосылды.
Аталмыш қосылу қалаға оның инфрақұрылымдық жүйелерін, ішкі жүйелерін, коммуникациялық дәліздерін жақсарту үшін қажет.
Жерлердің негізгі бөлігі Алматының оңтүстік бөлігінде, тау бөлігі Көк Жайлау халықаралық таушаңғылық шипажайын салуға арналған. Бұл туралы бүгін Алматыда оңтүстік астананың шекараларын кеңейтуге арналған баспасөз брифингінде қаланың жер қатынастары басқармасының бастығы Владимир Яковлев мәлімдеді.
«Қосылған аудандардың негізгі бөлігі таулы жерлер, қаланың халық саны 1500 адамға көбейді», - деп хабарлады Алматы жер қатынастары басқармасының бастығы.