Алматыда қала тұрғындарының өтініші бойынша жаңа автобус бағыты іске қосылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінен бастап Алматы қаласында жаңа маршрут іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Алатау ауданы тұрғындарының қала әкімімен кездесуінде айтылған өтініштері бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа бағыт іске қосылды.
Жаңа № 142 қоғамдық көлігі «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы - Момышұлы көшесі - Абай даңғылы - Саин көшесі - Шаляпин көшесі - Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады.
Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін - Оңғарсынова көшесімен «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігіне дейін қатынайды.
Бұған дейін мегаполисте № 109 қоғамдық көлік іске қосылған болатын. Ол «Теректі» ықшамауданы мен № 6 шағынауданы бағытында қатынайды.
