Алматыда қала тұрғынының 130 мың теңгесін күштеп тартып алған оңтүстік қазақстандық тонаушылар ұсталды

АСТАНА. 3 февраля. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда көшеде кетіп бара жатқан азаматтарды қарумен қорқытып, тонау ісімен айналысып жүрген оңтүстік қазақстандық тонаушылар ұсталды.

Алматыда  қала тұрғынының 130 мың теңгесін күштеп тартып алған оңтүстік қазақстандық тонаушылар ұсталды

Қоғамдық тәртіпті бұзып, қала тұрғындарының өміріне қауіп төндірген 20 жастағы заң бұзушылардың екеуі де ОҚО-ның тұрғындары екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері заң бұзушылардың заңсыз әрекеттерін дәлелдейтін тек бір айғақ тапты. Былтырғы жылдың тамыз айында тонаушылар бір ер адамға тонау мақсатында шабуыл жасаған. Азаматты тапаншамен қорқыта отырып, қаланың көшесінде тұрып-ақ өрескелдік жасауға әуестенген қылмыскерлер аталған тұлғаның телефоны мен 130 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып кеткен.

Қазіргі таңда заң бұзушылардың дәл осы сынды басқа да әшкереленбеген қылмыстарға қатысы анықталып жатыр деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.