Алматыда «Қала тынысы» атты фотосурет көрмесі ашылады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Алматыда «Қала тынысы» атты фотосурет көрмесі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрме қаланы сүйетін барлық тұрғындарға арналған. Осы қалада әр тұрғынның сүйікті демалыс орындары, гүлзарлар, дүкендер, мейрамханалар, сауық орындары, сонымен қатар сүйікті адамдары бар. Көрме жылдар бойы фотосуретшілердің түсірген түрлі көріністерінен тұрады. Мұнан әркім өзіне жақын адамдардың бейнесін, демалыс орындарын көруі мүмкін», дейді көрмені ұйымдастырушылар. Шараға Лариса Конюхова, Анастасия Мастяева, Елена Винникова, Мөлдір Жабықбаева, Анна Клаус, Дарья Шугаева сынды фотосуретшілердің туындылары қойылады.

Көрме Арбат маңындағы «Кофейня 4» дәмханасында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар