Алматыда қалада жүруге берілген рұқсат мерзімі 20 сәуірге дейін созылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мұның алдында берілген қалада жүріп тұруға рұқсат беретін құжаттардың мерзімі 20 сәуірге дейін жарамды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала билігі хабарлағандай, Төтенше жағдай мен күшейтілген режім кезінде қаланың тіршілігіне жауапты кейбір ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне қалада жүріп тұруына 16 сәуірге дейін рұқсат берілген болатын.
Осы мақсатта қалада арнайы портал ашылғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеген болатын.
Ақпарат порталында бұрын рұқсат берілген құжаттардың мерзімі 20 сәуірге дейін созылғаны хабарланды.
«Алматыда жүргізушілер мен жеке адамдарға қалада жүріп тұруына рұқсат алуы үшін барлық ақпаратты осы порталға енгізу керек. Назар аударыңыздар! Мұның алдында берілген рұқсат қағаздарының мерзімі 20 сәуірге дейін созылды», - деп жазылған порталда.