Алматыда қаладан шығатын жолдарға «Сергек» камералары орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қаладан негізгі шығу жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайының шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату мақсатында жол бойында қол созып, өз әрекеттерімен жол бөлігін жасанды тарылтып, көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады. Сол арқылы өзінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз «Сергек» камераларын қаладан шығатын негізгі жолдарға: Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі қиылыстарына эксперименталды түрде орнатуды ұсындық», – деді Алматы қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығына (жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де) ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы үндеуде.




Соңғы жаңалықтар