Алматыда қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыдағы «Астана» алаңында қалалық ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті.

Алматыда  қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы, Талдықорған, Текелі қалалары, «Жетысу» СПК» АҚ және Алматы қаласының 10-дан астам сауда, өндіріс орындары қатысты.

Жәрмеңкеге қойылған ет-сүт, жеміс-жидек, балық және басқа да өнімдердің бағасы базардағыдан 15-20 пайызға төмен.

«Мұндай жәрмеңкелерді өткізу қаладағы сауда қауіпсіздігі мен Алматы бойынша инфляцияны төмендетуде өте маңызды. Сонымен қатар қала жұртшылығы негізгі азық-түлікті қолжетімді бағамен алуына мүмкіндігі туып отыр, сондай-ақ Алматы ауылшаруашылық өнімдерін тартатын нарық болып табылады», -дейді қала әкімі А.Есімов

Өз өнімдерін саудалаушыларға сауда орындары тегін берілген және олар жұмыс жасау үшін қажетті нәрселермен толықтай қамтамасыз етіліпті.