Алматыда қалалық прокуратура басшысының қатысуымен автопарк өкілдеріне қатысты мәжіліс өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында Алматы қаласы бойынша адам тасымалдау қауіпсіздігінің мәселелері талқыланды.
«Автокәсіпорындардың қызметтік тұлғалармен шартқа отырып жалға берген көліктерінің «ҚР Жол қауіпсіздік ережесін» орындамауы, көліктердің жолға шығар алдындағы медициналық, техникалық бақылаудан өтпейтіні анықталды. Сондай-ақ Алматыда тұрақты қонысы болмағандықтан көлік жүргізушілері автобуста тамақтануға және қонуға мәжбүр, ал көлік жөндеуді көшелер мен тұрғын үйлердің алдында жүзеге асырады. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін 65 автобус арнайы айыптұрағына қойылды, бағыттағы автобустардың тиісті құжаттары болмаған 80 фактісі анықталды. Сонымен қатар, автобус жүргізушілерінің кінәсінен 67 оқиға орын алған. Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тауып, 77 адам жарақат алып, 35 адам салон ішінде құлап зақымданған», деді кеңесте Алматы қаласы ІІД басшысы Арман Сарбасов.