Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы пайда болды

Енді алматылықтар қаладағы көшелер мен тротуарларда, арықтар мен жылу жүйелерінде жөндеу жұмыстары қашан, қай жерлерде жүргізілетінін алдын ала білетін болады. Айта кетейік, қалада «Open Almаty» жүйесі жүзеге асырылып жатыр.

«Қала тұрғындары қай аулада, қай мекенжайда жөндеу жұмыстары жүретінін біле алады. Бұл бөлімдегі ақпараттар жаңарып отырады. Жақын уақытта аялдама кешендерін орналастыру бойынша ақпарат және ПИК картасын саламыз», дейді «Open Almaty» жобасының ресми өкілі Еркебұлан Кенжеболатов.