Алматыда қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен Азиада нысандарының құрылыс барысы талқыланады
АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 16-сында Алматыда Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы» және «2011 жылы өтетін VII қысқы Азиялық ойындар нысандарының құрылыс барысы туралы» мәселелер талқыланады.
ҚазАқпаратқа бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Кеңеске Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов, Туризм және спорт вице-министрі Талғат Ермегияев, Алматы әкімі Ахметжан Есімов және басқа да жауапты тұлғалар қатысады.