Алматыда қаланың бағыттық желілерін дамытуға арналған онлайн конференция өтеді
сонымен қатар Алматы қаласының www.almaty.kz ресми интернет-порталында «Алматы қаласының бағыттық желілерін дамыту» тақырыбында онлайн конференция өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Конференция қонақтары ретінде Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Александр Богданчиков, Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Байболат Баймахамбет қатысады.
Әр алматылық қоғамдық көліктің бағыттар желісін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарыын niitk@niitk.kz электронды мекен-жайға жібере алады.
Естеріңізге сала кетсек, Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты қаланың жол-көлік жүйесін оңтайландыру мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - қазіргі көлік бағыттары мен жолаушылар ауқымын анықтау, көлік бағыттарын оңтайландырудың маңызы, қоғамдық көліктің инфрақұрылымын зерттеу, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардың өндірістік қуатын анықтау, қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мен жетілдіру бағыттарын белгілеу.