Алматыда қаланың мәдени мұрасына арналған ғылыми конференция өтеді

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы әкімдігінде желтоқсанның 6-сы күні «Алматы қаласының мәдени мұрасы» атты қалалық ғылыми конференция өтеді.

Алматыда қаланың мәдени мұрасына арналған ғылыми конференция өтеді

Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның жұмысына Алматының жетекші ғалымдары, танымал мәдениет және ғылым қайраткерлері, қаламыздың кітапхана, мұрағат және мұражай саласының өкілдері қатысады.

Конференция барысында Алматы қаласы тарихының жоспарлы зерттеу нәтижелері мен археологиялық қазба жұмыс материалдары ұсынылатын болады. Сондай-ақ, «Мәдени мұра» қалалық бағдарламасы аясында соңғы жылдарда жарық көрген кітаптар мен қайта жаңғыртылған мұражай жәдігерлері көрсетілетін болады.

"Алматы - Жібек жолы бойындағы сирек кездесетін, ең көне және тарихы бай, халқымыздың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты әр түрлі дәуірлердің, тайпалар мен халықтардың мәдени мұрасын сақтаушы қала болып есептеледі. Бұл мәселе шаһарымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен бағалауды міндеттейді",-дейді шараның ұйымдастырушылары.