Алматыда қаланың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихына арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы қала тарихы мұражайында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштері күніне арналған «Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты көрме ашылды,

Алматыда қаланың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихына арналған көрме ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге Алматы соғыс жылдары жауынгер қала болғанын дәлелдейтін құжаттар мен фотосуреттер, тарихи құжаттар, ардагерлердің хаттары мен орден, медальдары қойылған. Олардың қатарында соғыстың алғашқы жылдарында Алматыда 316-шы, 391-ші, 38-ші, 405-ші атқыштар дивизиялары, 100-ші ұлттық бригадасы жасақталып, майданға жіберілгені туралы, сонымен қатар Алматыға майдан даласынан көшірілген зауыттар мен госпитальдардың орналасқаны туралы құжаттар бар. Сондай-ақ майдан даласында қызмет көрсеткен медициналық қызметкерлердің сөмкелері, әскерлердің ең қажетті заттары да орын алған. Көрменің ашылуына Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тарихшылар мен зерттеушілер келіп, Отан соғысы жайлы тың деректермен бөлісті. Ардагерлер болса өткен күндерден естеліктер айтып, жас ұрпаққа патриоттық рухта өмір сүруге шақырды.