Алматыда қаланыңың тарихы мен Алматы қаласын әр жылдары басқарған тұлғалар туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» атты деректі фильмінің тұсаукесері болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильм мемлекеттік тапсырыс бойынша, «Жаңғыру» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының  қолдауымен түсірілген. Фильмінің ұзақтығы 25 минут.

Аталмыш  деректі фильм Алматы қаласына кешегі кезеңнен бүгінге дейінгі еңбегі сіңген тұлғаларымызға, бүгінде еліміздің ең ірі мегаполисіне айналған шаhардың шам шырағын жаққан қайраткелердің тұлғалық тұрпаттарына арналған. Деректі фильмде Кенесары ханнан бастап, Алматы қаласының орнында болған Алмалы hәм Тойшыбек бекінісін жаудан қорғаған Тойшыбек, Байсейіт батырлардан бергі уақыттағы Алаш зиялыларының және Дінмұхаммед Қонаев сынды тұлғалардың, сонымен қатар, Алматы қаласын әр жылдары басқарып, із қалдырған азаматтар туралы сыр шертілген.

Фильмнің тұсаукесеріне  сол тұлғаларды зерттеп жүрген азаматтармен қатар, тұлғаның тікелей өз ұрпақтары мен көз көргендер қатысып, естеліктер айтып, деректі фильм туралы өз ой-пікірлерін білдірді.

«Алматы қаласын басқарған, еңбегі сіңген қайраткелерге арналған деректі фильм баяғыдан түсірілу керек еді. Фильм әлі де толықтырылуы керек. Негізінен нобайы, бәрі дұрыс, тағылымды деректі фильм деп санаймын. Осы орайда айта кетейін, біздің газеттің тілшілері де Алматы қаласының тарихын зерттеп, «Алматыны басқарғандар» деген кітап шығарды,  деді  «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай. Оның айтуынша Алматыны басқарған әрбір адам - жеке бір тұлға, жеке бір тағдыр. Алматыны басқарған әрбір тұлғаның есімін ел, халық білуі керек.

Соңғы жаңалықтар