Алматыда Калашников автоматын сатпақ болған ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ер адам 3 миллион теңгеге Калашников автоматын сатпақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда Калашников автоматын сатпақ болған ер адам ұсталды

Қару саудасын қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатқан.

«Арнайы іс-шара барысында қару-жарақ сатумен айналысты деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғандығы және кімдікі екендігі анықталады», - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.

Күдікті өз ісін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына отыр.


Фото: polisia.kz