Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда толассыз жауған қарлы жаңбырдың салдарынан ағаштар құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады

Абай мен С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, қалада 16 мм жауын-шашын түскен, қар жамылғысының биіктігі 7 см-ге жетті. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болды.

Секундына 2 метр жел соғып, ауа температурасы Цельсий көрсеткіші бойынша 0,2 градус болды.

Қалалық ТЖД-ның кезекші нөміріне бұтақтар мен ағаштар құлағаны туралы 8 қоңырау түскен. Алматы қаласы Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша, үш жерде құлаған ағаш 4 автокөлікті басып қалған. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 арнайы техника мен 17 адам жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан адамдар жапа шеккен жоқ.


США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты