16:08, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алматыда қалың қардың түсуі салдарынан 38 ескі және апатты ағаштар құлады
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтерінше, сағат 12-гі жағдай бойынша қалада қалың қардың түсуі салдарынан 38 ескі және апатты ағаштар құлады.

Ағаштардың құлауы салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Бұрын хабарланғандай, Алматыда бірнеше сағат бойы қалың қар түсуде. Қардың қалыңдығы қалада 20 сантиметрден асады, тау маңындағы аудандарда қардың қалыңдығы 40 сантиметр және одан да көп.
Қаланың барлық жеті ауданында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.