11:30, 12 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Алматыда қалың тұманнан 9 рейс уақыты кейінге шегерілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында қалың тұманға байланысты 9 әуе рейсінің ұшатын уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әуежайдың онлайн таблосында көрсетілгендей, дәл қазір 745 Алматы - Үшарал (Scat) - 11.00
907 Алматы - Дели (Air Astana) - 12.15
489 Алматы - Шарм-эль-Шейх (Scat) - 10.30
725 Алматы - Өскемен (Scat) -12.00
729 Алматы - Қостанай (Scat) -12.30
3121 Алматы - Семей («Южное небо») - 10.30
851 Алматы - Астана (Air Astana) -9.30
215 Алматы - Душанбе (Сомон Эйр) - 14.00
895 Алматы - Дубай (Air Astana) - 11.05-ге ауыстырылды.
Сонымен қатар үш рейс ұшпайтын болды.
736 Алматы - Дубай (flydubai), 971 Алматы-Шымкент (Air Astana), 107 Алматы-Бішкек (Air Astana) рейстері ұшу кестесінен алынып тасталды.
Әуежай қызметкерлері рейс туралы алдын ала хабарласып біліп алу керектігін ескертеді.