Алматыда КамАЗ велосипедшіні қағып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда КамАЗ көлігі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty паблигінде жарияланды.
Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан велосипед жүргізушісін жүк көлігі қағып барып тоқтаған.
Әзірге жол апатына кім кінәлі екендігі белгісіз.
Полиция бұл дерек туралы түсінік бермеді.