Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен жыныстық құлдықтан босатылды

АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалғандар санатында жүрген бойжеткенді жыныстық құлдықтан құтқарды. 

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен жыныстық құлдықтан босатылды

Қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы Қуат Науатовтың айтуынша, ол жазғы демалыс кезінде жақсы жұмыс тауып  беруге уәде еткен  ескі танысының сөзіне сеніп, алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Наурыз айының аяғында жақсы таныстарының бар екендігін желеу еткен «пысық» танысы қызды Алматыға шақырып, жолы мен тұратын жерінің шығынын өз мойнына алуға уәде етеді.

«Алматыда күтіп алған жеңіл жүрісті құрбысы  оны өз кәсібінетартады. Қарсылық көрсеткен сыбайластары тұтқын қызды жалдамалы пәтерге қамап қойып, күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Өз өміріне қауіп төнгенін сезген соң амалсыз жол бойындағы қонақ үйлерде бір айдан астам уақыт бойы клиенттерге жыныстық қызмет көрсеткен ол полиция қызметкерлерінің көмегімен ғана бұғаудан құтылды», - дейді Қ.Науатов.

Оның айтуынша, қазір «жұмыс берушісі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оған екі бірдей қылмыс бойынша, яғни - адамды заңсыз бас бостандығынан айыру және кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу бойынша айып тағылып отыр.