Алматыда қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мәселесі қаралады

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда 30 қыркүйек күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығында «Қан айналымы жүйесі ауруының алдын алу:

Алматыда қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мәселесі қаралады
профилактикалық бағдарламалардың заманауи ұсыныстары және келешектегі дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы іс-шараларының жоспары аясында Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған онкүндік бойынша ұйымдастырылып отыр. Басқосуға Кардиология және ішік аурулар ғылыми-зерттеу инстиутының, А. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық орталығының, республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия және наркология орталығының басшылары және тағы басқа да білікті мамандар қатыспақ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің жетекшілігімен өтіп жатқан онкүндік 20 қыркүйек күні басталған болатын. Статистика бойынша қан айналымы жүйесі ауруынан көз жұматындар аз болмай отыр. Сол себептен жүрек ауруына ерекше назар аударылуда және бұл мәселеге тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, ғалымдардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әр азаматының назарын аудару қажет. Мәселенің өзектілігіне байланысты Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының қолдауы бойынша жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде дүниежүзілік қауымдастық Бүкіләлемдік жүрек күнін атап өтеді. Бұл күн биыл «Сау жүрекке жол таңда» ұранымен өткізілуде.