Алматыда қандай сауда үйлерінде екпе салу жұмысы жүргізілмек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында қаладағы қандай сауда үйлерде вакцина салу жұмысы жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазір біз Алатау ауданындағы «Бақ орда» сауда үйі, Әуезов ауданында «Спутник», «Гранд парк», «Мәскеу», «Алматы молл», «Азия парк» сауда үйлері, Бостандық ауданында «Мега Алматы» орталығы, «АДК» сауда үйі, «Есентай молл», «Форум», «Алматы», «Атакент молл» сауда үйлерінде, Жетісу ауданында «Максима», «Адэм», «Мерей» сауда үйлері. Ал Медеу ауданында «Достық плаза», «ГУМ» сауда үйлері. Түрксіб ауданында «Мак» және тағы басқа сауда нүктелерін қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Қалада жалпы 31 сауда үйінде екпе салу жұмысы жүргізілмек.

«Сәуірде коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу басталды. Алдағы уақытта қалаға үлкен мөлшерде вакцина дозасы жеткізіледі. Қазір соған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір Алматы емханалары екпе салу бойынша база жасап жатыр, яғни созылмалы дерт есебінде тұрған адамдардың тізімін және кімнің екпеге қарсы белгілері барын анықтауда», - деді Лаура Мырзағали.


Соңғы жаңалықтар